2026 жылдың 26-27 наурыз аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары А. Төлегенова, Т.Мақаш және Е.Нұртазаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
– Абай даңғылы №44-46 көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы көлік кептелістерінің жиі орын алуына байланысты тұрғындарға қиыншылықтар туындауына орай, тиісті жол белгілерін орнату және аулаішілік жолдарға жаяу жүргіншілер жолын салу;
– Қосшыңырау ауылдық округіндегі №138 орта мектепке күрделі жұмыстарын жүргізу, фельдшерлік-акушерлік пункт, әкімдік және клуб ғимараттарын газға қосу;
– Т.Әубакіров көшесіне (Назарбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесі аралығы) қоғамдық көлікке арналған аялдама белгілерін орнату туралы.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1189007?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау