ШҚО: «Алтайым – алтын бесігім» республикалық командалық айтыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтті. Мерекелік шараға еліміздің екі өңірінен – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының үздік өнерпаздары қатысты.

Айтыс дәстүрлі өнердің бірнеше жанрын тоғыстырған командалық форматта ұйымдастырылды. Сайыс бағдарламасына сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, жыр, терме, күй және дәстүрлі ән орындау кезеңдері енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысының командасын айтыскер ақын Серік Құсанбаев бастап шықты, ал Қарағанды облысының команда капитаны ақын Айтбай Жұмағұлов болды. Әр команда құрамында айтыскерлермен қатар жыршы, күйші, термеші және дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.

Айтысқа Қазақстанның мәдениет және әдебиет саласының танымал тұлғаларынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман болды.

Шараға қатысқан ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтыстың ұлттық руханияттағы маңызын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлтай Аманжол жүргізді.

Сайыс тартысты өтіп, көрермендер мен қазылар алқасы өнерпаздардың шеберлігін жоғары бағалады. Жеңімпаз командаға келесі кезеңге жолдама берілді.

Аталған республикалық жобаның ерекшелігі – айтысты командалық форматта өткізу арқылы ұлттық өнердің аясын кеңейтіп, жас таланттарды қолдауға бағытталғаны болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1189011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version