ЕЛІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМІНДЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ДҮБІРЛІ БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шырайлы Шымкент шаһарында Қазақстандағы ең ауқымды IT дода – Decentrathon 5.0 ресми түрде шымылдығын түрді.

Бұл хакатон – жай ғана жарыс емес, елдің түкпір-түкпіріндегі талантты жастардың басын қосатын, идея мен инновацияның тоғысатын үлкен алаңы. Биылғы ерекшелігі – оның бір мезетте 20 қалада қатар өтуі. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын бұл дода 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында ұйымдастырылып, мыңдаған жас маманға мүмкіндік бермек.

Ауқымды жоба елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан Digital Qazaqstan форумы аясында бастау алып отыр. Осылайша, цифрлық даму мен жасанды интеллект бағытындағы бастамалар бір арнада тоғысып, өзара толықтырылуда.

Биылғы Decentrathon-ға 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтілуде. Олар екі негізгі бағытта – жасанды интеллект пен блокчейн технологиялары бойынша тың шешімдер ұсынбақ. Бұл – болашақтың кілтін ұстар салалар, сондықтан әрбір жоба ел дамуына қосылар нақты үлеске айналуы әбден мүмкін.

Decentrathon — еліміздегі ең ауқымды IT-алаңдардың бірі. Бірнеше жыл бойы ол Қазақстанның барлық өңірінен әзірлеушілерді біріктіріп, технологиялық қауымдастықты қалыптастырып келеді. Мұндай формат адами капиталды шоғырландырып, жасанды интеллект саласындағы сараптаманы күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында белгілеген басымдықтарға сәйкес, отандық цифрлық шешімдерді дамыту мен насихаттауға кәсіби қоғамдастықты тартудың маңызы зор. Әлемде краудсорсинг тәсілдеріне деген тренд күшейіп келеді, сондықтан бұл үрдістің ұлттық тәжірибемізге енгені маңызды. Бұл технологиялық өнімдердің сапасы мен сұранысына қосымша серпін береді, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Хакатон жаңа форматта өтіп жатыр. Еркін форматта танысуға, пікір алмасуға мүмкіндік берілді. Одан әрі командалар онлайн режімге көшіп, тоғыз күн бойы өз жобаларын жетілдіруге кіріседі. Бұл кезеңде олар тәжірибелі менторлардан кеңес алып, идеяларын толыққанды өнім деңгейіне жеткізуге тырысады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1188727?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version