Туберкулездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулездің алдын алу

 

Туберкулез   –   ауру   адамнан   сау   адамға   жұғатын   жұқпалы   ауру. Аурудың қоздырғышы туберкулездің микобактериясы. Инфекцияның негізгі көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез   таяқшаларын  сыртқы   ортаға   бөледі.

 

Туберкулез инфекциясының негізгі жұғу жолы – ауа арқылы. Науқас адамның жөтелу кезінде қақырықтың (сілекей) аса кішкентай, көзге көрінбейтін, 2 метрге дейінгі қашықтыққа таралатын ерекше «аэрозольдер» пайда болады. Науқас күніне   7   миллиардқа   дейін   туберкулез   таяқшаларын   аэрозоль   түрінде қоршаған ортаға шығарады, олардың кейбіреулері еденге немесе жерге түсіп, ұзақ   уақыт   сақталады.

 

Туберкулезбен   ауыратын   науқас   гигиеналық ережелерді сақтамаса, қақырықты тікелей еденге немесе жерге түкіреді. Туберкулездің   микобактериялары   шаңмен   (бөлмелерді   тазалау   кезінде (құрғақ сыпыру), ауамен араласып, тыныс алу жолдары (мұрын, кеңірдек, трахея, бронхтар) арқылы адамның өкпесіне тікелей түседі.

 

Туберкулез ауруының негізгі белгілері:

 

– дене қызуының (37,5 С) көтерілуі;

– жөтел (құрғақ немесе жеңіл бөлінетін қақырық);

– әлсіздік;

– тершендік (әсіресе түнде);

– тәбетінің болмауы;

– дене салмағының төмендеуі;

– кеуде қуысының ауруы.

 

Диагностикалық тұрғыдан аса маңызды белгілерінің бірі – 3 апта бойы қайтпайтын жөтел, қақырық тастау, дене салмағын жоғалту болып табылады.

 

Бірақ осы көрсетілген белгілер туберкулез ауруына ғана тән емес, басқада кеуде қуысының ауруларының белгілеріне де ұқсас болуы мүмкін, сондықтан осындай белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

 

Туберкулездің алдын алуға және емдеуге болады.

Дүние жүзі бойынша адамдардың төрттен бір бөлігі туберкулез бактерияларын жұқтырған деген болжам бар. Туберкулезді жұқтырған адамдардың көпшілігі аурудың белгілерін көрсетпейді және басқаларға жұқтыра алмайды. Жұқтырғандардың шамамен 5-10% туберкулездің белгілері пайда болады және аурудың белсенді формасы дамиды. Жұқтырған нәрестелер мен балалардың туберкулездің даму қаупі жоғары болып келеді. Туберкулез әдетте антибиотиктермен емдеуді қажет етеді және емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

 

Осы аурудың алдын алудың басты шарттары:

– әр адамның өз денсаулығына немқұрайды қарамауы;

– денсулығына шағымдары болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуы;

– жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі (15 жастан бастап);

– толыққанды, сапалы тамақтануы;

– бөлмелерді жиі желдендіру;

– балалар арасында туберкулез ауруының ерте кезінде анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы қою;

2026 жылдың басынан Науырзым ауданында туберкулез жағдайы тіркелген жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/press/news/details/1188728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version