Наурызнама: ШҚО полицейлері «Қайырымдылық күнін» донорлық акциямен қолдады
Жаңару мен бірліктің, игі бастамалардың нышаны — Наурыз мейрамына орайластырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері мерекенің мәнін нақты істермен айшықтады.
Тәртіп сақшылары қан орталығына барып, донор атанды. Осылайша, олар бүгінгі таңда көмекке аса мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты.
Ұлыстың ұлы күніндегі ізгі дәстүрлер тек жоралғылар мен нышандармен шектелмей, осындай шынайы істермен жалғасын табуда. Адамға қамқорлық жасау — нағыз құндылықтардың басты көрінісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1188168?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау