Шаян елді мекенінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Шаян елді мекенінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды.
 
Игі іске ауыл тұрғындарымен бірлесе атсалысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев пен аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев барша ауыл азаматтары мен қарияларға алғысын білдірді. Табиғатты қорғау бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық екенін атап өтті.
 
Сонымен қатар, өзен бойына тал көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1188086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version