ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтарына әуеден шолу жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша өңір аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатқаны анықталды. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жамылғысы іс жүзінде жоқ, қардың негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған.

Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Төтенше жағдайдың туындау қаупі жоқ.

Сонымен қатар, Қандысу су қоймасы да тексерілді. Қазіргі уақытта нысан транзиттік режимде жұмыс істейді, су жинақтау жүргізілмейді.

«Жалпы тексерілген аудандар бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, гидробекеттердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Өзен арналарынан су тасып шығу фактілері тіркелген жоқ», — деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1188091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version