Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жайсан ауылдық округінде ауқымды сенбілік өтті. ✨
Тазалық жұмыстарының басты бағыты — халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік жолы мен «Жайсан» шекара бекетінің бойы болды. Белсенді тұрғындар мен мекеме қызметкерлері жол жиегін қоқыстан арылтып, айналаны ретке келтірді. Жол — елдің айнасы, сондықтан шекара маңындағы тазалық пен тәртіп ерекше назарда! 🛣🇰🇿
Сондай-ақ, шара барысында жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың иелеріне санитарлық тазалықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер берілді. Тазалық тек бір күндік науқан емес, ол — ортақ мәдениетіміз.
Туған өлкеміздің тазалығы мен көркейе түсуіне әрқайсымыз жауаптымыз. Тазалықты өзімізден бастайық! 🙌💚
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1189116?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау