Ақтөбеде жастар бизнесін ілгерілетудің жаңа қадамдары айқындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өңірдегі жас кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін өткізді. Жиынның басты мақсаты — қағаз жүзіндегі есеп емес, жастардың бизнес-идеяларын нақты өндіріске айналдыру және кәсіпкерлер алдында тұрған кедергілерді жедел шешу.

Кездесу барысында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары таныстырылды. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігі туралы айтса, Спорт және туризм басқармасының басшысы өңірдегі туристік кластерді дамытуға ниетті жастарға арналған мүмкіндіктерді тізбеледі.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы төрағасының орынбасары жас инвесторлар үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер мен салықтық жеңілдіктердің артықшылықтарын таныстырды.

Жиын барысында жас бизнес өкілдері өз жобаларын таныстырып, жер телімін алу, инфрақұрылым тарту және өнімді өткізу нарығына қатысты өзекті сауалдарын тікелей қойды.

 

💭 «Кәсіп қылған — нәсіп табар» дейді халқымыз. Біздің міндетіміз — сол кәсіпті дамытуға ниетті жастарға кедергі емес, көпір болу. Бүгінгі кездесу — тек ақпарат алмасу емес, өңір экономикасын дамытуға бағытталған нақты істердің бастауы. Әрбір бастама соңына дейін сүйемелденуі тиіс», — деп атап өтті Абзал Әбдікәрімов.

Жас кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру — өңірдегі бизнестің нақты өсуін қамтамасыз ететін жүйелі үдеріске айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1189117?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version