Қармақшы ауданында жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаңа “Batyr team” спорт клубы өз жұмысын бастады.
Аталған бастама аясында Қызылорда облысы ТЖД Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің “Спорт клубы” КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісімнің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында қоян-қолтық ұрыс (рукопашный бой) спортын дамыту, кәсіби спортшыларды даярлау және олардың физикалық дайындығын арттыру.
Алдағы уақытта бірлескен жаттығулар, жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Қармақшы ауданы ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1189126?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау