Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада ауқымды санитарлық тазалау жұмысы жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қалада қыс мезгілінен кейінгі ауқымды санитарлық тазалау жұмысы жүріп жатыр.
Елордадағы барлық ауданда көпірлер, жолдар, тротуарлар, қоршаулар, жол белгілері және қаланың өзге де инфрақұрылымдары жуылып, тазартылып жатыр.
Сол сияқты аулаларда, гүлзарлар мен саябақтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр, олардың арасында жасыл желектерді бұтау да қамтылған.
Ауа райы жылынған кезде қаланы абаттандыру және көгалдандыру, жолдарды жөндеу мен салу жұмысы қарқын алады. Өткен жылы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 1 миллионнан астам жасыл желек (көшеттер, бұталар, ағаштар) отырғызылды. Биыл да сол қарқынды сақтап қалуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1189127?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау