Қазақстан велотректен Азия чемпионатында тағы бір медаль иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Филиппин елінің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты.

Элит санатындағы 50 шақырым мэдисон жарысында Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мәреге екінші болып келді.

​Жарыс нәтижесі мынадай:
​🥇 Жапония – 104 ұпай
​🥈 Қазақстан – 82 ұпай
​🥉 Қытайдың Гонконгы – 65 ұпай

​Осылайша, Қазақстан Ұлттық құрамасының еншісінде қазір 3 медаль (2 күміс, 1 қола) бар. Ал жасөспірімдер командасы 2 алтын иеленіп үлгерді.

Сары ​құрлық чемпионаты 31 наурызда мәресіне жетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1189122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version