В Атырауской области 97 школ пройдут капитальный ремонт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Атырау облысында мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025–2027 жылдары өңірде 97 мектепті реновациядан өткізу жоспарланған. Былтыр тоғыз, ал қалғаны 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асады.

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Жанұзақов айтты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы реновациядан өтетін мектептер бойынша жұмыстар жүргізілуде. 13 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, 6 мектептің құжаттары мемлекеттік сараптамада, ал қалған мектептер бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы қарастырылуда.

⁃ Президент тапсырмасына сәйкес 50% елді-мекендердегі мектеп болуы тиіс. Сондықтан реноаювациядан өтетін мектептердің басым бөлігі аудандарда. Бағдарлама аясында мектептерге күрделі жөндеу жүргізіліп, пәндік кабинеттер, жиһаздар, спорт залдары, кітапханалар мен асханалар жаңартылып, аумақтары абаттандырылады, – деді Ж. Жанұзақов.

Былтыр жоспарланған мектептердің алтауында күрделі жөндеу аяқталды. Ал Атыраудағы, Мақат және Құрманғазы ауданындағы мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда, биыл аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1189095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version