Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізді. Отырыста Омбудсменнің сот ісін жүргізудегі рөліне қатысты ұсыныстар қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстарды толықтырып, оларды Уәкіл жанындағы Ғылыми комиссия аясында қарау туралы шешім қабылданды.
Отырыс соңында Артур Ластаев Сараптамалық кеңес мүшелеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау институттарын дамыту мен нығайтуға бағытталған Омбудсмен қызметін сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1189961?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау