Ақмола облысында су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша барлық іс-шараларды үйлестіретін облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда.
Штабта тәулік бойы негізгі шешімдер қабылданып, барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдары үйлестіріледі. Мұнда облыстың барлық аудандарынан жедел ақпарат келіп түседі, жағдайға талдау жасалып, жедел әрекет ету шаралары қабылданады.
Түскен мәліметтер негізінде су тасқыны қаупінің алдын алу және оның салдарын азайту мақсатында күштер мен құралдар дер кезінде бөлінеді.
Штабтың үйлесімді жұмысы — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстаудың басты кепілі.
Азаматтық қорғау қызметтері жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1189947?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау