САРЫАҒАШ: «ӨНДІРІСТІК ПАРК» ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш қаласының кіреберіс бөлігінде құны 800 млн теңгені құрайтын «Өндірістік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаев нысан аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған кәсіпкерлермен кездесті және жобаның орындалу барысын пысықтады.

 

Кездесу барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарын әлі бастамаған кәсіпкерлерге жоба кестесінен кешігуге жол берілмейтінін атап өтіп, құрылыс қарқынын шұғыл түрде күшейтуді Сонымен қатар, жауапкершілікті арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.Жұмыс жоспарына сәйкес құрылыс барысын аптасына екі рет жеке бақылауына алатынын жеткізді. Сонымен қатар, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерге жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды.

 

Жалпы аумағы 6,5 гектарды құрайтын өндірістік аймақта іргетасын  құю және жерді тегістеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Ал өндірістік ғимараттардың құрылысы инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Екі кәсіпкер өз ғимараттарының құрылысын бастап кеткен. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде аудан экономикасына 800 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 85 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 

Жобаның іске асырылуын бақылау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген. Ал жалпы үйлестіру және қадағалау міндеті салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талиповқа тапсырылған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1190149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version