АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жиын барысында жауапты сала басшылары ағымдағы жағдай бойынша есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.

Жиналыста аудан әкімі ең алдымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты – «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, барлық елді мекендерде түсіндіру, насихаттау шараларын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда тиісті ақпараттық материалдардың орналастырылуын қамтамасыз ету, халық арасында құқықтық мәдениетті арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы болды. Аудан әкімі жауапты қызметтерге тәулік бойы бақылауды күшейтуді, қауіпті учаскелерде алдын алу шараларын уақытылы жүргізуді, сондай-ақ елді мекендерде кезекшілікті ұйымдастыруды қатаң тапсырды. Ауылдық округ әкімдеріне жағдай толық тұрақталғанға дейін жоғары дайындық режимінде жұмыс істеу міндеттелді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет ету қажеттігі атап өтілді.

Жиын барысында өзге де салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе, тұрғындардың өмір сапасына әсер ететін өзекті мәселелерді дер кезінде шешу, ақпараттық жұмысты күшейту, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарына басымдық беру қажеттігі айтылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1189877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version