«ЖАҢАРУ» КҮНІ: ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Наурызнама онкүндігі аясында биылдан бастап «Жаңару» күнін трансформация тақырыбына арнау ұсынылды. Бұл бастама қоғамның жаңғыру үдерістерін заманауи талаптармен ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта дәріптеуге бағытталған.
Осыған орай, «Жаңару» күні шеңберінде Атырау облысы Әділет департаментімен жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы арнайы бейнематериал дайындалды. Бейнероликте жаңару идеясы, дәстүр мен заманауи үрдістердің сабақтастығы, сондай-ақ цифрлық трансформацияның маңыздылығы көрініс тапқан.
Жасанды интеллектті қолдану – мемлекеттік және қоғамдық қызметте жаңашыл тәсілдерді енгізудің айқын көрінісі болып табылады. Бұл өз кезегінде цифрлық жаңашылдықтарды тиімді пайдалану арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1189876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version