Қарнақ ауылындағы орталық мешітте Қарнақ пен Шекербұлақ ауылдарының тұрғындарын бір арнаға тоғыстырған мазмұнды рухани кездесу ұйымдастырылды. Басқосу Кентау қаласы әкімдігінің бастамасымен өткізіліп, екі ауыл арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға бағытталды.
Жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы мен Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, имамдар мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Кездесу барысында ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде пікір алмасу өтті. Қатысушылар жастардың белсенділігін арттыру, ауылдар арасындағы байланысты жандандыру, мәдени және спорттық іс-шараларды көбейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жаңа бастамалар көтеріліп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаластық жасалды.
Жиын соңында Кентау қаласы әкімдігі тарапынан ауызашар дастарханы ұйымдастырылып, құран бағышталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1189285?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау