Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылындағы Молдаш Қаналиев атындағы мектеп жанындағы «Экоқорғаушылар» еріктілер тобы – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының жарқын үлгісі.
2022 жылдан бері педагог Нұрболат Серікұлы жетекшілік ететін топ бүгінде 40-қа жуық оқушыны біріктіріп, табиғатты қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Олардың әрбір ісі – қоршаған ортаны таза ұстауға қосылған нақты үлес.
Жыл мезгілдеріне сай атқарылған жұмыстар ауқымды:
Топ мүшелері тек экологиямен шектелмей, қайырымдылық бағытында да үлгі көрсетіп жүр. Олар жалғыз басты қарияларға көмектесіп, аулаларын тазалап, ағаш отырғызып, қоғамға жанашырлықтың маңызын дәлелдеуде.
Заманауи бағыт та назардан тыс емес: оқушылар жасанды интеллект көмегімен табиғатты қорғау тақырыбында танымдық анимациялық мультфильм әзірледі.
Жас экологтардың еңбегі жоғары бағалануда: түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, «ЭкоФест» байқауының қорытындысы бойынша 5 оқушыға әрқайсысына 900 000 теңге көлемінде білім гранты табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1189277?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау