Наурызнаманың онкүндігі аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық спорт күніне орай Ақтөбе қалалық мәслихаты дәстүрден жаңылмай, қазақтың зияткерлік мұрасы – тоғызқұмалақтан тартысты турнир ұйымдастырды.

«Даланың шахматы» атанған бұл ойын – тек ұлттық құндылық қана емес, бүгінде халықаралық деңгейде мойындалған интеллектуалдық спорттың бірегей түрі.

Турнирге 32 ойыншы қатысып, жас ерекшелігіне қарамастан өзара бақ сынады. Жарыс ерлер және әйелдер санаттары бойынша рапид форматында өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев пен Астана ауданының әкімі Баянбек Қырықбаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Бұл турнир – ұлттық мұрамызды ұлықтап қана қоймай, ой ұшқырлығын шыңдап, достық пен бірлікті нығайтқан жарқын спорттық мереке болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1189205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version