Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және магистранттары қатысты.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов өз сөзінде: «Наурыз – бізді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, дәстүрге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындайтын мереке. Мәдени мұрамызды сақтап, оны дамыту арқылы біз қоғам бірлігін нығайтып, болашаққа сеніммен қараймыз», – деп атап өтті.
Бұл мереке Академияның игі дәстүріне айналып, қатысушыларды еліміздің ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасына құрмет рухында біріктіреді. Академия қабырғасында Наурыз әрдайым ерекше атмосферада аталып, ұрпақтар сабақтастығы мен халықтық салт-дәстүрлердің маңызын айқындай түседі.
Іс-шара аясында қонақтар қазақ халқының бай мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты, музыкалық және шығармашылық бағдарламаларды, сондай-ақ дәстүрлі салт-жоралғыларды тамашалады.
Ерекше назар «тұсау кесу» дәстүріне аударылды. Бұл құрметті міндетті Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов атқарды. Аталған рәсім балаға ақ жол тілеп, оның өмір жолының жеңіл әрі сәтті болуын білдіретін символикалық мәнге ие болып, мерекенің ең әсерлі сәттерінің біріне айналды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ұжымдық рухты нығайтуға және елдің мәдени дәстүрлеріне деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1189206?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау