2026 жылғы 27 наурызда облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының басшысы Сандуғаш Қайыргелдіқызы Калижанованың төрағалығымен жария тыңдалым өтті.
Талқылауға облыстық мәслихат төрағасы Илья Сергеевич Теренченко, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бәкір Саматұлы Демеуов, депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ өңір тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес облыстық коммуналдық меншіктің көлік құралдарын (112 бірлік) жекешелендіру мәселесі қарастырылды.
Баяндамамен «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы Жеңіс Қайырлыұлы Шакатов сөз сөйледі.
Тыңдалымға қатысушылар көлік құралдарын іске асыру тәртібі мен шарттарын талқылап, сонымен қатар жекешелендіру рәсімінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар мен ескертулер білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-karzhy/press/news/details/1189426?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау