Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы жағдай тұрақты, негізгі өзендердің мұздан арылу үдерісі жалғасуда. «Қазгидромет» мәліметі бойынша, облыс аумағының шамамен 45%-ын қар жамылғысы басып жатыр. Тұрғын үйлерді су басу және автомобиль жолдарында су тасу фактілері тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта ТЖД мен ТЖМ әскери бөлімдерінің біріккен күштері Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарында қап төсеу, арықтарды тазалау және қорғаныс бөгеттерін нығайту бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.

Бұқар-Жырау ауданындағы Нұра өзенінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Қарағанды облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда және бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1189424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version