Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 – сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
«Биыл құжат қабылдау 27 – мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 – тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», – деді министр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1190366?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау