Атырауда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқушылар мен студенттердің арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері бойынша ауқымды жиын өтті. Басты мақсат – білім беру мекемелеріндегі тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ жауапты органдардың бірлескен жұмысын күшейту. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
 
Өңір әкімі мен бас полицейі өз сөзінде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін жеткізді.
Жиын барысында оқу орындарындағы тәртіп мәселелері, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оның алдын алу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілікті түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылды.
 
– Білім беру мекемелерінде тәртіпті сақтау мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағытта барлық жауапты органдар бірлесіп, нақты нәтижеге бағытталған жұмысты тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізуі қажет, — деді полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.
 
Жиын қорытындысында оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін заманауи технологияларды енгізу, бейнебақылау жүйелерін жетілдіру және полиция мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын тұрақты түрде дамыту қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1190367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version