А.ж. 21-22 наурызында Абай облысында дзюдодан «ABAI OPEN» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысып, татамиде мықтыны анықтауға кірісті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық дерлік облыстардың спортшылары жиналып, турнирдің деңгейін айқындай түсті.
Салтанатты шара барысында Абай облысының тарихи-мәдени маңызына тоқталып, өңірдің қазақ руханиятындағы орны ерекше екені айтылды. Сонымен қатар, дзюдо спортының халықаралық аренадағы беделі мен ел абыройын асқақтатудағы рөлі атап өтілді.
Ашылу рәсімі кезінде көрермендерге экстремистік қозғалыстардың алдын алуға арналған арнайы ақпараттық бейнероликтер көрсетілді. Бейнелерде:
• көпшілік орындардағы қауіпсіздік,
• күмәнді діни ағымдардың белгілері,
• жат идеологияға еріп кетудің салдары
сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жастар арасында тек спорттық бәсекені емес, сонымен қатар дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1191067?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау