Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі жалғасып жатыр.
Ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді:
🥈 Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
🥉 Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
🥉 Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
🥉 Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
🥉 Назым Махмутова (+73 кг) қола;
Турнирдің қорытынды күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.
Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1191068?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау