Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабының 6-тармағында Заңды тұлға мынадай 3 жағдайларда қайта тіркелуге жатады:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2)атауы өзгергенде;
3)шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тiркелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 18-бабында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтер бір ай мерзімде берілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру – ескерту жасауға алып келеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау – ескерту жасауға алып келеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1191005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version