Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Үкімет отырысының күн тәртібінде қаралған инновацияларды дамыту туралы жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берілді.
Жалпы, ауданда 3 инновациялық мектеп жұмыс жасайды. Бұл мектептердің аудандағы инновациялардың дамуына қосар үлесі зор. Осы бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыру керектігін айтқан аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы мектептерде инновациялық білім беру әдістерін күшейтіп, оқу барысында жаңа технологиялар мен заманауи оқыту тәсілдерін қолдану қажеттігін атап өтті.
Мұнан бөлек аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес ауданда әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет қаражаттарының игерілуі жөнінде бірқатар мәселелерге тоқталды.
Бұл бағыттағы жұмыстарда оң динамика қалыптасқанын атап өтіп, жоспарлы көрсеткіштерді жыл көлемінде жоғарғы пайызбен орындап шығу керектігін жеткізді. Бұл жөнінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте мұнан өзге биылға жоспарланған барлық инвестициялық жобаларды мерзімінде жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің жоспардан аса орындалуын қамтамасыз ету және аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жайында бірқатар тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Әсіресе тазалық мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспейтінін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстарда әлі де кемшілік байқалады. Арал қаласының санитарлық тазалығы мен түнгі жарықтандырылуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі слайд арқылы көрсетіліп, кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға ескерту жасалды. Анықталған жайларды тез арада қалпына келтіру бойынша тапсырма берілді.
Аудан әкімі жиын барысында көтерілген барлық мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылауға алуды аудан әкімінің орынбасарларына жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1191006?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау