Ақтау қаласында туристік саланың өзекті мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 31 наурыз күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекнұр Бәлиұлының төрағалығымен туристік инфрақұрылымның жай-күйі, туризмді дамыту және теңіз жағалауындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Отырысқа жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысып, алдағы туристік маусымға дайындық барысын жан-жақты талқылады.

Жиын барысында теңіз жағалауындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, демалыс орындарында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, жағажай аумағындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту және инфрақұрылымды белгіленген стандарттарға сәйкестендіру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, жағажай аумағындағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылау, сапалы интернет байланысын қамтамасыз ету, иесіз жануарларды аулау жұмыстарын жүйелеу, теңіз жағалауының тазалығы мен оны тереңдету жұмыстарын уақтылы жүргізу тәртібі қаралды.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде жазғы туристік маусымға дайындықты алдын ала пысықтаудың маңыздылығын атап өтіп, туындауы ықтимал мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

– Жазғы маусым кезеңінде тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Демалыс орындары барлық талаптарға толық сәйкес келіп, медициналық қызмет, санитарлық жағдай және жағажай инфрақұрылымы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Бұл бағытта жауапты мекемелер мен кәсіпкерлердің үйлесімді әрі жүйелі жұмысы аса маңызды, – деді Бекнұр Бәлиұлы.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен кәсіпкерлерге туристік маусым қарсаңында қауіпсіз әрі қолайлы демалыс жағдайын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1190964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version