ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 ақпан күні Амангелді орта мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, заң үстемдігін нығайту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ұстаздар қауымы өз ой-пікірлерін білдіріп, маңызды ұсыныстарын ортаға салды.
Мұндай ашық әрі мазмұнды пікір алмасулар қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Кездесуге қатысқан барша әріптестерге белсенділігі мен азаматтық ұстанымы үшін алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/1190965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version