2026 жылғы 21 наурызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз есірткі айналымымен байланысты құқық бұзушылық дерегін анықтады.
Заңсыз есірткі өндіру, сақтау және тасымалдаумен, сондай-ақ оны тұтынуға арналған притон ұйымдастырумен күдіктелген 43 жастағы азамат ұсталынды.
Күдіктінің жеке тексерісінде келесі заттар тәркіленді:
- шамамен 8 мл сұйықтық салынған инелер (болжам бойынша – опий);
- өсімдік тектес зат, иісі бойынша марихуана деп болжануда;
- ұялы телефон.
Сонымен қатар, тұрғылықты мекен-жайдан есірткі тұтынуға арналған құралдар мен қолданылған медициналық заттар табылып, тәркіленді.
Осы факт бойынша тәркіленген заттарға сот сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
https://www.instagram.com/p/DWjIOtYDBFM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1191139?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау