Оңтүстік астанадан Ақмола облысына марихуананы жеткізу арнасын өңірдің есірткімен күрескерлері тоқтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оңтүстік астанадан Ақмола облысына марихуананы жеткізу арнасын өңірдің есірткімен күрескерлері тоқтатты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласынан Ақмола облысына есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесті.
Полицейлер тыйым салынған заттарды тасымалдаған жүргізушіні Астана – Петропавл республикалық трассасының терминалында ұстады.
Hyundai Elantra көлігін тінту кезінде полиция қызметкерлері 1 килограмнан астам марихуана тауып, тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, ол тыйым салынған препараттарды Ақмола облысының аумағында одан әрі өткізу мақсатында тасымалдаған.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оңтүстік астананың 46 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1191140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version