Кәсіпкерліктегі әкімшілік кедергілерді анықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерліктегі әкімшілік кедергілерді анықтау

 

Ағымдағы жылғы 31 наурызда Қызылжар аудандық прокуратурасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтау және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А.Н. Бейсембин және NOMAD LIFE сақтандыру компаниясы филиалының директоры Ж.К. Шаймерденов қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің өндірісін су тасқыны кезеңінде сақтандыру, қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан өмірін сақтандыру, қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды. Барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді.

Кәсіпкерлер мен халыққа көмек көрсету мақсатында осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады.

мақала

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/1190842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version