Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды.
Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.
Жүлдегерлер мынадай:
1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) – 59.915 секунд.
2. Хан Ксие (Қытай) – 59.929
3. Риото Ичида (Жапония) – 1:00.614.
Айта кетейік, бұл – Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1191087?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау