Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды.

Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.
Жүлдегерлер мынадай:
1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) – 59.915 секунд.
2. Хан Ксие (Қытай) – 59.929
3. Риото Ичида (Жапония) – 1:00.614.

​Айта кетейік, бұл – Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1191087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді