Қоғамдық кеңестің отырысында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері қаралды.
Аталған мәселе бойынша «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімінің бас маманы Айгүл Дузембаева баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар жүйелі проблемалар мен ескертулер анықталған. Атап айтқанда, «Электрондық үкімет» порталында тіркелу барысында қиындықтар туындайды. Порталда қажетті құжаттар тізімі мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әрдайым қарапайым әрі қолжетімді түрде ұсынылмайды, бұл пайдаланушылар үшін бағдарлануды қиындатады.
Сауалнамаға қатысушылар пайдаланушыларға, оның ішінде алғаш рет жүгінушілерге, колл-орталықтарға жүгінбей-ақ қызмет алу рәсімінен өтуге мүмкіндік беретін қадамдық нұсқаулықтарды әзірлеу және енгізу қажеттігін атап өтті.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алған респонденттер ыңғайсыз жұмыс кестесін, инфрақұрылымның жеткіліксіздігін және бланкілердің екі тілде болмауын атап өтті.
Жалпы алғанда, анықталған мәселелер жүйелі сипатқа ие және оларды шешу кешенді тәсілді талап етеді.
Қоғамдық кеңес қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар әзірлейтін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1191008?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау