Елордада түнгі тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығын бұзу дерегін анықтады.
Таңғы сағат 05:30 шамасында Құтпанов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде көрші пәтердің тәуліктік жалға берілетіні және сол пәтерде қатты шу болғаны туралы қала тұрғынынан шағым түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері аталған пәтерде болған 18 және 19 жастағы азаматтарды анықтады. Олар түнгі уақытта қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жалпы, жыл басынан бері елорда аумағында тыныштықты бұзудың 8 мыңнан астам фактісі тіркелген.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және түнгі уақытта айналадағы адамдардың тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1192029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version