Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар аясында кезекті құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Аталған дерек бойынша жүргізуші медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, оның көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1191664?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау