Полицияға 2025 жылдың желтоқсанында алданғанын хабарлап Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны жүгінді.
Оның айтуынша, бейтаныс ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде беріп, 785 000 теңге көлемінде ақшасын иемденген. Ақша алынғаннан кейін уәде етілген қызмет көрсетілмеген.
Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдіктінің әрекеті бойынша оған келуге міндеттеу шарасы таңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1191665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау