Наурыз мейрамына орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 наурыз – Шаңырақ күніне арналған «Ақ бата» мәдени-рухани конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты – қазақтың асыл мұрасы саналатын бата беру дәстүрін кеңінен насихаттау, оны рухани тәрбие құралы, тіл мәдениетінің үлгісі әрі қоғамдағы ізгі ниет пен бірліктің символы ретінде қоғамға қайта орнықтыру. Конкурсқа қатысушылар қазақтың тағылымға толы баталарын айтып, сөз өнері мен ұлттық дәстүрге деген құрметін көрсетті. Сайыс батаның 5 түрінен ұйымдастыралды. (Наурыз бата, ақ бата (алғыс бата), ас бата (ас қайыру), жол бата, отау бата). 12 ақсақал қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Дәкей Қабдырашұлы иеленсе, бірінші орын Өтеген Айшуақовқа бұйырды. Екінші орынды Пәрменбек Жұмабайұлы, үшінші орынды Нұрболат Бекетаев иеленді. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталады.

19 наурыз күні Астана қаласының Даналық медициналық-фармацевтикалық колледжі «Наурыз – береке бастауы!» атты «Толағай» ұлттық спорт ойындар сайысын өткізді. Мақсаты – студенттер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақтың ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық бірлік пен ұйымшылдықты дамыту. Сайысқа колледж студенттері қатысты Жарыс нәтижелері бойынша: 1-ші орынды «Мергендер», 2-ші орынды «Жалын», 3-ші орындарды «Найза» және «Қырандар» иеленді.

Наурызнама онкүндігі аясында мекемелер арасында 14-22 наурыз аралығында «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқау өткізілді. Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, сондай-ақ еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларға мән беру мақсатында өткен байқауға Астана қаласы әкімінің аппараты, басқармалар, «Теплотранзит» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ,  Мәдениет мекемелері, орта арнаулы оқу орындары, спорт мектептері және Нұра ауданына қарасты мүлік иелерінің бірлестігі қатысты. Байқау барысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мекемені безендіру, Наурыз мерекесіне орай толық ұжымның қатысуымен іс-шаралар өткізу, Наурыз мейрамының байырғы табиғи мазмұнын ашу (наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсету /айналаны тазарту, бұлақ көзін ашу, ағаш егу, саумалық айту, сәлемдесу, кешірім жасау, бата беру және т.б.), ұлттық киімдер кию, Айтыс, күй тарту, өлең оқу, дәстүрлі немесе эстрадалық бағытта ән салу. Нәтижесінде І орынды Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Астана қаласы әкімінің аппараты, ІІ орынды  «Астана – Теплотранзит» АҚ,  Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары  спорт шеберлігі мектебі» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы, Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Астана қаласы әкімдігінің   «№ 10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ,  ІІІ орынды  «Астана-Энергия» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-tildamytu/press/news/details/1192138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version