Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сату дерегінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол қаруды сату кезінде қолға түсті. Анықталғандай, күдікті пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген.

Тәркілеу кезінде қарудың 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-16» маркалы шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген түрі екені және атуға жарамды екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция заңсыз қаруды сақтау, сату немесе сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1192139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version