АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бұрма ауылдық округі әкімі аппараты»ММ ұйымдастыруымен ауыл тұрғындармен жиын өтті. Күн тәртібінде экологиялық шаралар мен мал шаруашылығын реттеу мәселелері қаралды.
1.Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауыл ішіндегі орталық көшелерді тазалау, заңсыз қоқыс полигондарын жою және ағаш егу жұмыстары жоспарланды.
2.Ауыл ішінде малдың қараусыз жүруін болдырмау мақсатында жаңа мал бағымы маусымының ережелері бекітілді.
Ауыл тұрғындарының ортақ шешімімен тәжірибелі және жауапты тұлғалар бақташы ретінде сайланды. Бақташылармен арнайы екіжақты келісімшарт жасалып, олардың міндеттері мен жауапкершілігі нақтыланды.
Жиналыс барысында мал бағымының бағасы тұрғындармен бірлесе талқыланып, бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1192700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version