2026 жылғы 31 наурызда «Достар» мәдениет сарайы ғимаратында облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында пробациялық бақылау белгіленген адамдарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық қолдау көрсетуге және құқықтық консультациялық көмек беруге бағытталған кең ауқымды «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Аталған акцияға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, еңбек мобильділігі орталығының және Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты.
Іс-шара барысында мамандар тарапынан жұмысқа орналастыру, біржолғы материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, сондай-ақ тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына бір қатысушыны орналастыру бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1192699?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау