Интернет – бұл мүмкіндіктер кеңістігі ғана емес, сонымен қатар жалған ақпарат, манипуляциялық материалдар және деструктивті контент кеңінен таратылатын орта.
М.Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде студенттермен «Интернет: қателесу желісі» тақырыбында Дін мәселелерін зерттеу орталығы (ары қарай – Орталық) мен облыстық Полиция департаменті (ары қарай – ПД) тарапынан кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Орталық қызметкері Е.Белашова ақпараттық қауіпсіздік, жалған хабарламалар мен манипуляциялық контенттің жастардың сана-сезімі мен мінез-құлқына, сондай-ақ дереккөздерге тигізетін әсері мәселелерін қамтыды.
Кездесудің жеке блогы қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. ПД қызметкері А.Бапинов терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін жауапкершілікті көздейтін қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, сондай-ақ студенттердің назарына жарылғыш құрылғыларға ұқсас күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекеттер тәртібін жеткізді.
Қатысушыларға қауіп туындаған кезде әрекет ету алгоритмі туралы еске салды: тыныштықты сақтау, күдікті заттарға қатысты өз бетінше әрекет етуді болдырмау және құзыретті қызметтерді дереу хабардар ету.
Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, жауапкершілік деңгейін арттыруға және жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192832?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау