Маңғыстау облысында хлор төгілуіне байланысты төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында хлордың төгілуіне байланысты төтенше жағдайды жою бойынша арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шара Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен ұйымдастырылып, оған «МАЭК» ЖШС, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Полиция департаменті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №25744 әскери бөлімі, сондай-ақ Ұлттық ұланның №3502 және №6656 әскери бөлімдері, Денсаулық сақтау басқармасы және жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері пысықталды. Атап айтқанда, нысан қызметкерлері мен шұғыл қызметтерді хабардар ету, жақын маңдағы тұрғындарды эвакуациялау, оларды эвакуациялық пункттерге орналастыру, сондай-ақ апаттың салдарын оқшаулау және жою шаралары жүзеге асырылды.

Қатысушылар жоғары деңгейдегі үйлесімділік, жедел шешім қабылдау қабілеті және төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданының әкімі оқу-жаттығудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1192796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version