Мемлекеттік қолдау және жергілікті қамту: Хромтауда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті кәсіпкерлермен ашық кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов, «Даму» қорының директоры Айнагүл Ниязова және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.

Жиында Хромтаудың өңір экономикасындағы стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді. Бүгінде аудан облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің 26,2%-ын қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес тұрақты өсім көрсетуде. Қазіргі таңда ауданда 3 212 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жұмыспен қамтылғандар саны 80,2%-ға өсіп, 5 825 адамға жетті. Өндірілген өнім көлемі 44,3 млрд теңгені құрады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 62 жоба мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, кәсіпкерлерге нақты серпін берді.

Сапар барысында Хромтауда құрылып жатқан аумағы 150 гектар болатын жаңа индустриялық аймақ таныстырылды. Жоба «Қазхром» мен «Ақтөбе мыс компаниясы» секілді ірі кәсіпорындар айналасында өндірісті дамытуға, жергілікті қамтуды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Жиын барысында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жергілікті инфрақұрылымның дайындығына тоқталды:

«Біздің басты мақсатымыз — аудан экономикасын әртараптандыру. Жаңа индустриялық аймақ құру арқылы біз тек шикізатқа тәуелді болмай, өңдеу өнеркәсібін дамытуға жағдай жасаймыз. Мемлекет тарапынан инфрақұрылым тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, бұл инвесторлар үшін үлкен қолдау», — деді аудан басшысы.

Досжан Әлібеков өз сөзінде мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігіне баса назар аударды:

«Кәсіпкерлік — өңір экономикасының қозғаушы күші. Біздің басты мақсатымыз — бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды азайтып, мемлекеттік қолдауды әр кәсіпкер үшін қолжетімді ету », — деді басқарма басшысы.

Сапар соңында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесулер өтіп, Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1192457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version