2026 жылы ҚҚС бойынша тіркеу есебіне өзгерістер енгізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу келесі түрлерде жүзеге асырылады:
 1) ерікті тіркеу;

 2) міндетті тіркеу;

 3) шартты тіркеу.

 Келесі тұлғалар ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайды:
• мемлекеттік мекеме;

• резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

• жеке практикамен айналысатын тұлға;

• арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

• жеке тұлға.

 Шекті айналым мөлшері – 10 000 АЕК.

 Міндетті тіркеу үшін өтініш шекті айналымнан асқан жағдайда, бірақ асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

 Егер мәміле шекті айналымнан асып кетсе, салық төлеуші мұндай мәміле жасалғанға дейін өтініш беруге міндетті.

 Шекті айналымнан асқан және тіркеуге дейін жасалған айналым тіркелмеген кезең үшін салық салынатын айналым болып танылады және жауапкершілікке әкеп соғады.

 Салық төлеуші келесі жағдайларда тіркеуден шығарылады:

• жалпыға бірдей белгіленген режимнен арнайы салық режиміне ауысқанда;

• қызметі тоқтатылғанда немесе таратылғанда.

 Шекті айналымға жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1192456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version