Жаңақорғанда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері оқушылармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобымен бірге Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығындағы №169 мектепке барды.

Әділет полковнигі Т. Басқожаев үшін бұл мектеп қабырғасы ерекше ыстық. Өйткені осы мектепте он бір жыл білім алды. Жерлестермен, мұғалімдермен және оқушылармен кездесу тамаша атмосферада өтті. Білім ордасындағы жылы естеліктер қозғалып, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқандарға алғыс айтылды.

– Адам қандай жетістікке қол жеткізсе де, бәрінің бастауы мұғалімдердің берген білімі мен тәлімінде жатыр. Дәл қазір мектебіме келгеніме сондай қуаныштымын. Мен үшін Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге деген құрмет пен оны қорғауға әзір болу. Мұны әр ер азамат білуі тиіс, – деп атап өтті әділет полковнигі Т. Басқожаев.

Ол мұғалімдер мен жерлестеріне деген ризашылығы мен құрметінің белгісі ретінде, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің, уақыт пен ұрпақтар сабақтастығының өркен жаятын нышаны болсын деп мектеп ауласына жас көшеттер отырғызды.

Жаңақорған кентінде ақпараттық-түсіндіру тобы №293 орта мектептің оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесу өткізді. Қорғаныс министрлігінің офицерлері балаларға білімнің қаншалықты маңызды екені, Отан қорғау мамандығының беделі, мықты адамгершілік пен өшпес рух жайлы айтып берді.

Ауқымды акция аудан орталығының Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қорғаныс министрінің орынбасары атынан жергілікті атқарушы органдардың бірқатар өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруға және армияның қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды.

Жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласы, Ұлытау облысы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау өңірлерінде осындай кездесулер өткізгенін айта кеткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version